30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана қаласында Жастар жылының ашылуы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы көшбасшыларының Self-made жастар форумы өз жұмысын бастады.
Форум TEDx форматында өтіп, спикерлер өздерінің табысты кейстері, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау және жастар саясаты туралы әңгімелейді, бизнес ашу және дамыту тәжірибесімен бөлісуде.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Л.Прокопенко, И. Салжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жас табысты кәсіпкерлер, стартаперлер қатысуда.
Форум аясында ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының жобалары мен форумға қатысушылардың экономиканың түрлі секторларында енгізіп жатқан жаңа технологиялары таныстырылады.
Жастар жылының ашылу салтанатында Астанада алма бағын өсіру туралы ұсыныс айтқан жас фермер Тамила Разметова (Атырау қаласы) «Jastar» ірімшігінің және Махамбет ауданында өсірілетін мельба, апорт және нававита сорттарынан алманың дегустациясын өткізеді.
Форум аясында фойеде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының құрамына енетін отандық тауар өндірушілердің, кәсіпшілердің, жас стартаперлер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Бағдарламада арнаулы киім шығаратын «ASTANA Ютария ltd» ЖШС фабрикасына барып, тікелей өндірісте шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды