22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына және «ПМХЗ» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 6 қарашадағы жағдай бойынша қалада газ қалдығы 900 тоннаны құрайды, жолда келе жатқаны – 1476,3 тонна. Оның ішінде бүгін 9 вагон (324 тонна) жеткізілді, 7 қарашада 16 вагон (576 тонна) жеткізіледі деп күтіліп отыр. 7 қарашадан бастап «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыты 25 вагон (900 тонна) газ, 8 қарашада 15 вагон (540 тонна) сұйытылған газ көлемін жөнелтуді бастайды.
Зауыттардың қызметі, сондай-ақ газды уақытылы жөнелту мен жеткізуді қамтамасыз етуді реттеу мәселесі ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құзыретінде. Сұйытылған газдың жетіспеушілігін ескере отырып, сатушылар автогаз құю станцияларында талондық жүйені енгізу арқылы сату бойынша шектеулер енгізді, - делінген мәліметте.
Бұл шаралар жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін газ тапшылығын болдырмауға байланысты қолданылады.
Биыл 6 қарашада қала әкімдігінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өткізушілердің қатысуымен кеңес өткізілді.
Қазіргі уақытта мәселе тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, шектеулерді кезең-кезеңімен бір апта ішінде алып тастау жоспарланып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев