23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында елордада 26 және 27 сәуірде кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілер жеткізген өнімдер ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және тағы да сол сияқты өнімдерді сатып ала алады.
Қала әкімдігі жәрмеңке 26 және 27 сәуірде таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтетінін алға тартты.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкеге мынандай автобус қатынайды: № 2, 32, 49, 50, 73.
Айта кетейік, бұдан өзге елордада күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін Бейбарыс Сұлтан көшесі №23 мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік