2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада күн райының жылынуына орай көктемгі санитарлық тазалық жұмысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланып, жуылады.
Таңертеңнен кешке дейін елорданың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде қаланың коммуналдық қызметтері санитарлық тазалық жұмысын жүргізеді.
Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылады.
Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.
Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова