12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада 12 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Таза Қазақстан» ауқымды күзгі экологиялық айлығы өтеді. Экоакция аясында елорданың барлық ауданында аумақтарды тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Айлық барысында қала аумақтарын санитарлық тазарту жұмысы ұйымдастырылады. Оның ішінде қоқыстарды жинау, саябақтар, гүлзарлар мен тұрғын үйлердің аулаларын ретке келтіру, сондай-ақ кәсіпкерлік және қоғамдық тамақтану нысандарына, басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазалау жұмысы жүргізіледі.
19 қыркүйекте айлық аясында Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day 2026-ға орай жалпықалалық сенбілік өтеді.
Әкімдік кәсіпорындарды, МИБ және ПИК-терді, шағын және орта бизнес өкілдерін, волонтерлерді және қала тазалығына бейжай қарамайтын барлық тұрғынды экологиялық акцияларға қатысып, ортақ іске өз үлесін қосуға шақырады.
Бастаманың негізгі мақсаты – қоғамның қала тазалығын сақтау мәселесіне назарын аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету. Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға өз үлесін қоса алады. Бұл қаланы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы етуге мүмкіндік береді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер