Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер бірнеше сағатқа кешігіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дегенмен әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ұшақтар 1 сағаттан 6 сағатқа дейін кешіктіріледі.
Бүгін Алматыға ұшатын 17 рейстің үшеуі кешіктіріледі. 07:15-тегі «FlyArystan» ұшағы 12:40-қа, 11:55-дегі «Qazaq Air» рейсі 13:00-ге және 11:30-да Алматыға ұшуы керек «Аir Astana» әуе рейсі 11:50-ге ауыстырылды, - деп мәлімдеді Nursultan Nazarbaev әуежайының ақпарат бөлімі.
Сондай-ақ халықаралық рейстер де бірнеше сағатқа кешігіп ұшады. Ыстамбұлға 06:10-да аттануы тиіс «Pegasus» рейсі 13:35-ке ауыстырылды. Шарм-эль-Шейхке 11:05-де ұшуы тиіс рейс 13:30-ға ауыстырылды. Ереван мен Омбыға ұшатын рейстер де бір сағатқа кешігеді.
Бүгін түнде 00:20-да Астанадан Бейжіңге ұшатын рейс тоқтатылған.
Бейжіңге ұшатын рейстің қай уақытқа ауыстырылғаны әлі белгісіз. Рейстердің кешігетіні және ұшпайтындығы туралы ақпарат жолаушыларға смс хабарлама арқылы жіберілді, - деді әуежайдың ақпарат бөлімінің қызметкері Индира Уәлиева.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары