6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАуа райының қолайсыздығына байланысты Астана халықаралық әуежайында бірқатар рейстердің кестесі өзгерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Онлайн ұшу тақтасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кешіктірілген рейстер арасында ішкі бағыттар да бар. Атап айтқанда, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін ұшақтардың қону уақыты кейінге шегерілген.
Air Astana әуе компаниясы да бірнеше рейстің ауа райы себепті кешігіп жатқанын растады. Компанияның мәліметінше, Астанадан ұшуы тиіс кейбір рейстер де ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылған.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға сапарға шығар алдында өз рейстері туралы жаңартылған мәліметті әуе компанияларының ресми сайттарынан немесе онлайн ұшу тақтасынан тексеріп отыруды ұсынады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі