6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Астанадағы ботаникалық бақта "Astana run challenge" 10 шақырым қашықтықтағы жарыстар сериясы басталды. Оған 400-ге жуық Астана тұрғыны мен қала қонақтары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шара үш бәсекелі жарыстан тұрады. Оның бірінші кезеңі бүгін Ботаникалық бақта басталды. Екінші кезеңі 20 тамызда – Орталық саябақта, ал финал 17 қыркүйек күні Триатлон саябағында өтеді.
Астана тұрғындарын жүгірудің алғашқы кезеңіне қатысуларымен құттықтаймын! Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз қаламыздың кереметтей саябақтарының бірінде өтіп жатыр. Жүгіру жарысын осындай форматта, елорданың саябақтарында өткізуіміз ешкімге кедергі жасамаймыз. Бүгінгі әрбір қатысушыға сәттілік пен жеңіс тілеймін! — деп Астана қаласы бойынша Триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт өзінің ықыласын жеткізді.
Спорттық іс-шараны тек тұрғындар ғана емес, Астанадағы Индонезия елшілігінің қызметкерлері де қолдап, қатысты.
Әрбір кезеңде жеңімпаздар 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жас ерекшелігі бойынша анақталды. Оларға шара соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальдармен марапаттар тапсырылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі