Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрEurasian Book Fair – 2025 аясында ақын Мерей Қарттың жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді. 23–27 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Eurasian Book Fair – 2025 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі қалың оқырман мен қаламгер қауымды бір алаңда тоғыстырады.
Бұл – Еуразия кеңістігіндегі ірі әдеби-кәсіби алаңдардың бірі саналады.
Аталған көрме аясында 23 сәуір күні, сағат 14:00-де белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Төлеген Айбергенов төсбелгісінің иегері, Абай облысы мәслихатының депутаты, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың директоры, Қазақстан Жазушылар одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Мерей Қарттың жаңа жыр жинағы – «Аспанға құлау» кітабының тұсаукесері өтеді.
Мерей Қарт – заманауи қазақ әдебиетінде өзіндік лирикалық үнімен, терең сезім мен шынайылыққа негізделген шығармаларымен танылған ақын. «Аспанға құлау» – оның жан-дүниесіндегі нәзік күй мен азаматтық үннің сабақтасқан поэтикалық өрнегі.
Өтетін орны: Астана қ., Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а (Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы)
Күні: 23 сәуір 2025 жыл Басталуы: 14:00 Кітапсүйер қауымды, зиялы ортаны және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін әдеби шараға шақырамыз.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова