Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, Орынбор көшесінде салынып жатқан нысанда шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери жасақ бастығы Ерасыл Төлеген мен патрульдеушілер Бекзат Мерлатов, Диас Амангелді ең бірінші болып өртті байқап, бірден әскери жасақ кезекшісіне баяндады. Одан соң ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрттің таралуын болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақты қоршауға алды.
Сонымен қатар әскери қызметшілер дереу өрт сөндірушілерді шақырды. Олар оқиға орнына жылдам жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады. Ұландықтар мен өрт сөндірушілердің батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды. Еске сала кетейік, мереке күндері құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметтерін күшейтілген режимде атқарды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады