Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аяқталуға жақын. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индустриалды қалашықта қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бөлімшелер мен техникалық экипаждардың дайындығын тексеріп, жүргізушілердің шеберлігі мен қажетті маневрлерді орындай білуін бағалады.
Жеке құрам салтанатты шеруге дайын. Күніне кемінде төрт сағаттық жаттығулар өтеді. Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқына әскеріміздің қауқары мен күш-қуатын көрсету, – деп атап өтті Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – зымыран әскерлері мен артиллерия бас басқармасының бастығы полковник Тілек Серікбаев.
Әскери шеру 7 мамыр, Отан қорғаушы күні, «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-дің үстінде қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Шерудің әуе бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты қатысады. 3 және 5 мамыр күндері жаяу есептоптардың, әскери техника мен авиацияның қатысуымен басты жаттығуларды өткізу жоспарланған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары