6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлорда күніне арналған мерекелік шаралар аясында Қарулы Күштердің Орталық әскери оркестрі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің музыканттары мен солистері «Жетісу» саябағында және дәстүрлі XI «Әскери керней» әскери-музыкалық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға елдің күштік құрылымдарының үздік музыкалық ұжымдары қатысты. 6 шілде күні «Қазақ елі» алаңында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің музыканттары бірлескен құрамда өнер көрсетті.
Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери музыканттары плац-концерт қойып, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының попурриін, ырғақты «Құдаша дикси» шығармасын, марштық, патриоттық, қазақтың халық әуендерін және Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Көрермендерді барабаншылардың интерактивті шоуы мен Құрмет қарауылы ротасының дефилесі де ерекше тәнті етті.
Бүгін ерекше күн – бүкіл ел сүйікті елордамызға назар аударуда. Астананың тұрғындары мен қонақтарына музыкалық сый жасап, мерекелік көңіл күй сыйлап, осылайша мемлекеттік мерекемен құттықтағанымызға қуаныштымыз, – деді Орталық әскери оркестрдің аға әскери дирижері капитан Нұрлан Күчкаров.
Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамыту мен насихаттауға, әскер мен халық арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі