29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘскери дипломаттар Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен Ұлттық қорғаныс университетінде кездесті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дипломатиялық корпус өкілдері Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы қызметінің негізгі бағыттары мен қорытындылары, сондай-ақ елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту перспективалары туралы хабардар етілді.
Халықаралық әскери ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстан Қарулы күштерінің дамуына жәрдемдесу және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.
Кездесу барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов әскери-дипломатиялық корпусқа қазақстандық тараптың бастамаларын іс жүзінде орындауға белсенді қатысып, жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.
Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуеті және осы саладағы ынтымақтастықтың даму көкжиегі туралы дипломаттарға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті бастығының орынбасары Асқар Тамаев айтып берді.
Дипломатиялық корпустан сөз қазақстандық әскери атташе ассоциациясының дуайеніне, Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің өкілі полковник Дирадж Раманандқа берілді.
Қызмет бағыттары бойынша брифингте Халықаралық ынтымақтастық, Стратегиялық даму, Жедел жоспарлау, Ақпараттық технологиялар, Әскери білім және ғылым департаменттерінің, Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының өкілдері сөз сөйледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек