23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Халықаралық әйелдер күнінде Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Бас әскери-клиникалық госпитальға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрінің атынан дәрігер әйелдерге адал қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірді.
Пациенттерге деген қамқорлық пен мейірім деріңіз үшін сіздерге рахмет. Өйткені, кейде мұның көмегі дәрі-дәрмектен кем емес, – деп атап өтті ол.
Департамент бастығы медицина қызметкерлері мен пациенттерге құр қол келген жоқ. Ол ақ халатты абзал жардар мен ем делушілерге гүл ұсынып, торт тарту етті.
Әскери госпитальдың барлық дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне қиын әрі жауапты миссияны орындағаны үшін алғыс айтамыз, – деді Әскери госпиталь пациенті Әсем Оспанова.
Кардиоревматология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің майоры Аян Хайруллин мен гинекология бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Айнұр Нұғыманова әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевқа ізгі тілектері үшін алғысын жеткізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік