2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Отан қорғаушылар» алаңында 68665 әскери бөліміне биыл көктемде шақырылған жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскерге шақырылған 165 бозбала бір ай ішінде жас жауынгер курсынан өтіп, саптық және атыс дайындықтарының негізін игерді. Алғашқы атыс жаттығуларын орындап, жарғыларды, әскери техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеді. Әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысты.
Бас штаб бастығы – Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Мереке Көшекбаев жас Отан қорғаушыларды айтулы оқиғамен құттықтады.
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы әрі бұл борыш қатардағы жауынгерден генералға дейін тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен тұтастығын қорғауға дайын болуға міндеттейді. Сіздердің мерзімді қызметті абыроймен атқарып, туыстарыңыз бен жақындарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспін, – деді генерал-майор Мереке Көшекбаев.
68665 әскери бөлімінің жауынгерлері жиналғандарға қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен қару-жарақпен дефиле көрсетті. Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық ұжымының күшімен концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.
Салтанатты бөлімнен кейін қолбасшылық сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова