Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада люктер мен ашық құдықтарды ұрлау мәселесімен күресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жыл басынан бері iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына ашық құдықтар туралы келіп түскен өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сондай-ақ, ашық люктер қала бойынша жүйелі рейдтер кезінде анықталады. Қала тұрғындарын қорғау үшін люк қақпақтарының астына металл торлар орнатылады. Бұл ең алдымен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер маңына қойылады.
Қаланың шетінде, бос тұрған жерлерде құдықтар бетон тіректермен жабылған, оларды қажет болған жағдайда арнайы техниканың көмегімен жылжытуға болады.
Люк қақпақтарын ұрлауға оңай табысты ұнататындар қызығады. Себебі олар металл сынықтарын қабылдау пунктеріне өткізіп, ақша алуға болады. Сондықтан елордада осындай пунктерді аралап, металл қабылдауға рұқсат беретін құжаттар тексеріледі. Жұмыс жыл бойы жүйелі негізде жүргізіледі.
Құдықтар ашық күйде табылған жағдайда немесе люк жартылай ашық тұрса iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөмірі арқылы шұғыл хабарлау қажет.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары