30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада балалар мен жасөспірімдерге арналған сахналық қойылым — «Асан мен Үсен» ертегісінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туынды Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасының желісі бойынша жазылған.
Ертегінің авторы – белгілі жазушы-драматург, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Бақытбек Қадыр. Қойылымның режиссері — талантты жас маман Нұржігіт Муслимов.
Оқиға желісінде Асан мен Үсен ойынның қызығына түсіп жүріп, жұртта қалып қояды. Үйлеріне қайтуға ниеттенгенде, ауылдарының көшіп кеткенін байқайды. Асан қорқып жыласа, Үсен әкесінің үйреткен ақылына сүйеніп, қиындықты еңсеруге тырысады. Екеуі түрлі оқиғаларға кезігіп, батырлармен кездеседі: Таусоғар, Желаяқ, Көлтаусар, Саққұлақ секілді кейіпкерлердің көмегімен жол тауып, ата-анасына оралады.
Ертегі заманауи тұрғыдан жаңаша өңделіп, балалардың ой-өрісі мен қиял көкжиегін кеңейтетін тағылымды оқиға ретінде ұсынылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды