Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлеуметтік желіде Астанада өткен тойлардың біріндегі оқиға қызу талқыға түсті. Той иесіне кім болатынын айта алмаған келіншек елдің көңілін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әдетте көпшіліктің алдына шыққанда көпшілік қауым қысылып, сөйлейтін сөзін ұмытып жатады. Алайда, бұл тойда келген қонақ тойға кім ретінде келгенін айта алмады.
Асаба ортаға шыққан қонақтан “Той иесіне кім боласыз?”, - деп сұрайды.
Оған жауап берген келіншек алғашында өзін тәтесімін, сосын сіңлісімін, содан кейін бөлесімін деп айтады.
Асабаның сұрағына дұрыс жауап бере алмай дал болған той қонағы елдің көңілін көтерді.
Ал желі қолданушылары болса туыс атауларын ұмытып қалған келіншекке қолдау білдірді.
@nurdauletovich Тойдагы кызыктар? Болелерди белгиле #ведущий #тамада #той #ТимаНурдаулетович #шоуменастана #рек ♬ оригинальный звук - Тима Нурдаулетович
“Қылыкты тәте екен", "Сонымен кім болып шықты", "Бәрімізді шатастырды ғой", "Қазақша айтуға тырысқанын айтсайшы", "Қандай әдемі келіншек тьфу тьфу", "Өзі бір ешқандай жаман ойы жоқ екен", "Кім болсам да осы тойда бөтен емеспін деп тұр ғой", - деп жазып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді