1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚұқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында Астананың барлық ауданында компьютерлік клубтарда, кинотеатрларда, жатақханаларда, ойын-сауық орындарында және басқа да нысандарда жаппай рейдтер жүргізілді.«Құқықтық тәртіп» шарасын жүзеге асыру аясында қалада жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Полиция департаменті мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері заң бұзушылықтарды анықтау және профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында компьютерлік клубтарды, кинотеатрларды, жатақханаларды, ойын-сауық және басқа да мекемелерді тексерді.
Қалада «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз қала» және «Күнделікті өмір» қоғамдық іс-шараларының өткізілуіне байланысты жергілікті орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Полиция департаменті мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамы елорданың едәуір бөлігін, оның ішінде жеке секторды, тұрғын үйлерді және т.б. аумақтарда тексерулер жүргізді. Іс-шаралар барысында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілді. Операцияға арнайы жасақ – СОБР мен Ұлттық ұлан да жұмылдырылды», - деді Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков.
Рейдтік іс-шаралар барысында 800-ге жуық түрлі қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, кальян шегу, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қалуы және т.б. белгілі болды. Барлық құқық бұзушы айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалыс және мереке күндері белсенділік арта отырып, рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.
Айта кету керек, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелері мен ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?