Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Идеядан мультфильмге дейін» атты білім беру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба анимациялық фильм жасаудың негізгі кезеңдерін, идеяны әзірлеуден бастап оны жүзеге асыруға дейінгі процесті қамтиды. Мастер-кластар сериясы аясында қатысушылар сторителлинг пен визуалды баяндауды, анимациялық әлем құруды, қаржылық жоспарлауды және өндірістегі түрлі техника ерекшеліктерін меңгереді.
Бағдарлама 11 қазанға дейін өтеді. Оқытуға Финляндия, Канада, Франция және Армениядан келген, халықаралық анимация индустриясында тәжірибесі мол мамандар тартылған. Әрбір шақырылған сарапшы жеке тақырыпта дәріс оқиды. Атап айтсақ, питч-дек әзірлеу, драматургия, деректі анимация мен перекладка техникасы үйретіледі. Іс-шара форматы теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды ұштастырады.
Кең аудиторияға арналған онлайн-трансляциялар «Қазақфильмнің» ресми YouTube-арнасында қолжетімді.
Мәдениет министрлігі жоба Қазақстандағы анимация саласын дамыту және сала мамандарына арналған кәсіби білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар