12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайыстың ашылу салтанатына ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Шараға сондай-ақ жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Айта кетейік, жарысқа 45 елден 136 атлет қатысуда.
Еліміздің намысын 28 спортшы қорғайтын болады.
Дода әлемнің 80 еліне тікелей эфирде көрсетілуде.
Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өтіп жатқан World Indoor Tour «алтын» сериясының турнирі. Жыл сайын сайыс әлем бойынша Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Ливен, Торун және Острава сияқты 7 қалада ғана өтетін.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер