Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада ұлттық ойындарды қолдау мақсатында алыптар жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорданың 25 жылдығына орай, қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді. Ұлы даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Турнирдің өтетін жері – Орталық саябақтың автотұрағы. Шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00-де болады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2 миллион теңге, - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Кәрбозов қалалық орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, спикер басқа да ірілі-ұсақты спорттық шаралардың өтетіндігін айтты.
9 шілде күні Амфитеатр алдында «Қажымұқан жолы» мәдени-спорттық жобасы, 9 және 19 шілде күндері «Astana zhuldyzdary» халықаралық шахмат турнирі өтпек. Одан бөлек, қала күніне арналған балалар, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы шинкиокушинкай каратэден «Астана кубогы» республикалық турнирін өткізу жоспарда, - дейді ол.
Айта кетейік, былтыр алғаш рет елімізде мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында Алматы облысында «Толағай» алыптар сайысы өткен болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары