Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада 24 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясын өткізуге арналған «ALMATY RUN» жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спорттық іс-шара «Триатлон парк» аумағында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттайтын және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптейтін елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өтеді. Оған кез келген адам қатыса алады, тіркеу сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін өтеді, ал 09:00-де ресми бастау беріледі.
Қатысушылар үшін 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар дайындалған. Жүгіру барысында көлік қозғалысы тоқтатылмайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дәріптеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және маңызды мемлекеттік мерекелер мен құндылықтарға назар аударту.
Іс-шара соңында әрбір қатысушыға естелік медаль табысталып, велосипедтер ұтысы ойнатылады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс