22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада Сәкен Сейфуллин музейінде Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Әлияның ерлігін есте сақтаймыз» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» және Сәкен Сейфуллин музейі құрылымдық бөлімшесі ұйымдастырған іс-шараға №3 мектеп-гимназия оқушылары қатысып, батырдың қысқа ғұмырында жасаған ерен ерлігімен танысты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай музейдің жылдық жоспары аясында өткізіліп отырған іс-шарамыздың мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан үшін жанын қиған батыр қыздың өмір жолы мен ерлігін насихаттау, оның өнегелі істерін үлгі ете отырып, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Бұл дәрісте Әлия Молдағұлованың майдандағы фотосуреттері мен мәліметтерден қамтылған слайдтар көрсетілді. Батыр қыздың небәрі бір жыл, 1943-1944 жылдары майданға қатысқан қысқа өмірі туралы айтылады. Оның ерлігі, қанша жауыздың көзін құртқаны жөнінде деректер келтіріледі. Жалпы, Отан соғысындағы снайперлердің маңызды рөлі жөнінде айтылды. Сондай-ақ батыр қыздың туып-өскен жері, оқыған орны туралы балаларға кеңінен мағлұматтар беріледі, - деді музейдің тарихи-мәдени мұра және экскурсиялық-көрме жұмысы бөлімінің басшысы Қарлығаш Жұмаханова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 30 шақты оқушы қатысқан.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев