6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Астана қаласының Мемлекеттік архиві, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы, Еуразия ұлттық университеті және «Amanat» партиясының өкілдері, ғалымдар мен сала мамандары қатысты.
Көрмеге келушілер XVIII-XX ғасырларда жарық көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған 30-дан астам сирек кездесетін кітаптар және 50-ге жуық қолжазбамен танысты. Сонымен қатар Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің, Сейітпенбет әулие, Бұқарбай батыр және Сердәлі бидің мөрлері мен Сыр өңіріндегі өнер иелері қолданған сегіз музыкалық аспаптары көрмеге қойылды.
(Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі)
Көрме барысында қонақтар қазақ халқының рухани қазынасы болып саналатын өзге де көне, құнды жазба мұралар мен тарихи жәдігерлер туралы мәлімет алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі