1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгін Астанада алғаш рет қазақстандық заманауи музыка фестивалі — ((beu fest)) өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Барыс Арена» сахнасында ТМД бойынша танымал орындаушылармен қатар жаңа есімдер де өнер көрсетеді.
2022 жыл ерекше музыкаға, әуенге толы жыл ретінде тарихта қалары анық. Биыл өте көп фестиваль ұйымдастырылды, ал, еңбастысы – өткен іс-шаралардың барлығын қазақстандықтар қуана-қуана қолдағаны. Тыңдарман жергілікті әртістерді тыңдауға дайын екенін дәлелдеді.
Олар өз кезегінде жаңа әндер мен түрлі тәжірибелерімен жанкүйелерін қуантып келеді. Оған қоса, соңғы жарты жылда дебют жасай сала бірден желі мен стримингтік платформа чарттарын жаулап үлгерген жаңа есімдер мен музыкалық лейблдер саны көбейді.
Осылайша, бүгін ((beu fest)) сахнасында алғаш рет pop және r&b-сахнаның жарқын екі өкілі - Ayau және Liili өнер көрсетеді.
Ayau – M’Dee-дің “Закрытый клуб” лейбілінің алғашқы және әзірге жалғыз резиденті. Әнші қыркүйекте «sensiz» синглімен дебют жасаған еді. Алайд, танымалдылығы «sybyrlaiyn» туындысының арқасында артты. Туынды Apple Music - TOP100: Kazakhstan чартының шыңынан түспей, бір ай бойы көш бастап тұрды.
Liili – автор және r&b-орындаушы. Күзде «Hot» туындысымен танылған болатын. Бұл ән Instagram желісінде хитке айналды - туынды негізінде 476 мың Reels түсірілген. Ал, Spotify-да ән үш миллионнан көп рет тыңдалған.
Әрине, лайнапта көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген хитмейкерлер де бар: Jah Khalib, Ирина Кайратовна, Aro, Zheka Fatbelly, abdr., Мархаба Саби, Darkhan Juzz, Raim, VSHV Prince пен Akha.
Фестивальді Quryltai шығармашылық бірлестігінің өкілдері Dj Kresh пен Dj Noorboogie ашатын болады. Осылайша, ((beu)) ұжымы диджейлер қоғамдастықтарын да қолдайтынын білдірмек.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?