6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, аталған іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған.
«Birgemiz: areket yaqyty» шеңберінде ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген.
Конференция жұмысына министрліктің Азаматтық қоғам істері комитеті, ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар мен белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіді. Елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі