10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, оған ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің делегаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысты сұрақтарды талқылады және алдағы VIII съездің күн тәртібін белгіледі.
Хатшылық отырысында қатысушылар бейбітшілікті сақтап, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызды екеніне тоқталды.
Отырыс нәтижесінде Ізгі ниет елшілері сайланып, дін өкілдерін құрметті медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
Айта кету керек, съезді дамыту тұжырымдамасы аясындағы тағы бір маңызды бастама – 9 қазанда Астанада өтетін Жас діни лидерлер форумы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді