Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан астанасында 7-16 қарашада «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Alem Saz» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ALEM SAZ» – көптеген елдің мәдениетін әртістердің керемет шығармашылық ынтымақтастығы арқылы бір платформада біріктіретін халықаралық фестиваль. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына 30 жыл толуына орай және қазақ халқының аңызға айналған әншісі және Қазақстан мен КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
«ALEM SAZ» халықаралық фестивалі бірлікке, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, тарихи мұраға және мәдениетке құрмет атмосферасын қалыптастыруға, шығармашылық үдерістегі әлемнің түрлі елдерінің құндылықтарын сақтауға бағытталған.
Фестиваль барысында шетелдік әртістердің қойылымдары, қатысушы елдердің фильмдері көрсетіледі, сәндік-қолданбалы өнер мен гастрономиялық өнімдердің көрмелері ұсынылады, шеберлік сабақтары өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары