Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада алаяқ әйел ондаған адамды алдап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен азаматшаны ұстады. Ол қала тұрғындарының ақшасын алдап иемденген 21 жастағы қыз болып шықты. Анықталғандай, алаяқ әлеуметтік желілерде ақша ұтысы туралы хабарландырулар жариялаған. Алайда, ұтқан ақшаны алу үшін адамдар сол сомадан 10-20 пайыз көлемінде қаражат төлеуі қажет болған. Жергілікті тұрғындар көрсетілген нөмірлерге ақша жібергеннен кейін, алаяқ оларды бұғаттап тастаған. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас 10 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды. Полиция азаматтарды түрлі тақырыптағы конкурстар, сауалнамалар және дауыс берулер түрінде таратылатын күмәнді сілтемелерге өтпеуді және жеке деректерін енгізбеуді сұрайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар