2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада Әкелер күніне орай балалар мен олардың әкелеріне арналған қыш шеберлігі сабағы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ата-аналар мен балалардың бірге уақыт өткізіп, сазбалшықтан бірегей бұйымдар жасап, пайдалы демалыс ұйымдастыруына мүмкіндік берді.
Іс-шараны елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Даму» Қазақстандық ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырды.
Шеберлік сабағы Kunjut Studio шығармашылық кеңістігінде өтті.
Мақсаты – әкелер мен балалар арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, отбасылық белсенді демалысты насихаттау және бірлескен шығармашылық арқылы қабілеттерді дамыту.
Әкелер күніне орай осындай іс-шара ұйымдастырдық. Бұл — «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында жүзеге асырылып отырған шара. Былтыр да дәл осындай шеберлік сабағы өтіп, қатысушыларға ұнаған болатын. Сол себепті биыл да қайталауды жөн көрдік. Жобаның мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, бала мен әке арасындағы байланысты нығайту, — деді Жастар саясаты басқармасының бас маманы Балжан Колханат.
Іс-шараға 20-дан астам отбасы қатысты.
Қатысушылардың бірі – Нұрлыбек Мұратов қызы Аружанмен бірге гүл құмырасын жасап шығарды. Ол мұндай шаралардың маңызын ерекше атап өтті.
Баламен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік. Қазір ата-аналардың көп уақыты жұмысқа кетеді. Осындай сәттер өте қымбат, себебі балаңмен бірге бір нәрсе жасап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайта аласың, — деді ол.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова