23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайында «Академиялық мәтін жазу шеберханасы» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кітапта академиялық мәтін жазудың негізгі ұстанымдары топтастырылып, тақырыпты түсіну, ойталқы жасау және әдебиет таңдау талаптарынан бастап, академиялық стильге тән сөз саптауға дейінгі тақырыптар қамтылған. Нұсқаулықта мәтін жанрлары жүйеленіп, әрқайсысының өзіне тән құрылымы мен талаптары түсіндіріледі.
Бұл кітап оқырманның академиялық жазу машығын дамытуға арналған.
Айта кету керек, жарыққа шыққан еңбек алдағы уақытта ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеуорталықтары кітапханаларының қорын толықтырады. Академиялық мәтін жазуға қызығатын көпшілік кітаптың электрондық нұсқасын ҚҚДИ-дің ресми сайтынан (kipd.kz) оқи алады, - делінген мәліметте.
Кітапты Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты әзірледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады