Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада Қазақстандағы Африка күні ресми түрде атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл Африка одағының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Африка күні жыл сайын 25 мамырда тойланады. Аталмыш мерекеге Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Египет елшілері қатысты.
Іс-шара алдымен Қазақстан мен Африка елдерінің әнұрандарымен басталды.
Қатысушылардың бірі Ахмед Теджан осы күнге дейін атқарылған жұмыстарға алғысын айтты.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Тек қана Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан орасан зор жұмысты ғана емес, сонымен қатар Африка бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту және коммерциялық әлеуетті ілгерілету үшін атқарылып жатқан барлық жұмысты атап өткім келеді. Африка одан әрі де кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық инфрақұрылымды дамытуға тырысады, - деді ол.
Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов биылғы іс-шараның ерекше екенін атап өтті.
Бүгінгі іс-шарада біз Африка одағының 60 жылдығын тойлаудамыз. Өздеріңіз білетіндей, Африка қазір әлемдегі экономикалық өсімі, динамикасы жағынан бірінші континент болып саналады. Ол алдымен Африкадағы үлкен өзгерістердің көрсеткіші. Өйткені Африка одағының Африкада кеденсіз еркін сауда аймағын құру туралы жоспары бар, - деді Дидар Талғатұлы.
Басқосуда африкалықтар мен қатысушылар белгілі тұлғалардың түрлі өлеңдерді оқып, әнін орындады. Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?