Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, елордада Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.
Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді. Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін, - делінген мәліметте.
Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды. «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында елордалық полиция вандализмнің алдын алуға және бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударады. Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары