22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды. Гүл шоқтарын қою рәсімі оның ұлттық әдебиет, философия және білім беру ісінің дамуына қосқан айрықша үлесін мойындаудың, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа аманат еткен рухани құндылықтарына құрмет көрсетудің символына айналды.
Абай мұрасы бүгінгі және келер ұрпаққа шабыт беріп, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөлін сақтап келеді және қазақстандық қоғам үшін өзекті мәнге ие.
Салтанатты іс- шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылым және мәдениет саласы өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев