28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында он екінші жаңа мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада он екінші жаңа мектеп ашылды. №36 мектеп Сарыарқа ауданындағы Қарасай батыр көшесінің бойында орналасқан. Осыған дейін балалар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып жүрді. Қазір оқушылар жайлы оқу орнында білім алып жүр.
Жаңа мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары және т.б. бар, - деді әкім.
Қала басшысының сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы үш білім ордасы есігін айқара ашады.
Қазіргі оқу жылында 12 мектеп ашылды. Оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашамыз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек..
Жалпы, 2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 80 мектеп салуды жоспарда бар.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?