Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНаурыз мейрамы аясында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мерекелік спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.
21-22 наурыз күндері елордадағы 30 түрлі алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына дәстүрлі ойындарды тамашалауға мүмкіндік жасалды.
Екі күнге созылған сайыстарға 8500-ге жуық адам қатысып, арқан тартыс, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, қошқар көтеру сияқты ұлттық ойындарда бақ сынады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қалалық спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербайдың айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығы жоғары болды. Әсіресе дәстүрлі қой көтеру сайысы ерекше тартысты өтті.
Наурыз мейрамына орай өткізілген ұлттық спорт жарыстары ата-баба дәстүрін жаңғыртып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты. Екі күнге созылған сайысқа тек астаналықтар ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларынан келген азаматтар да белсенді қатысты. Жарыстардың ең көп көрермен жинаған бәсекесі – қошқар көтеру сайысы. Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар күш сынасып, ең мықтылар анықталды, – деді Ержігіт Өсербай.
Сонымен қатар, қазақ күресінен ашық турнир ұйымдастырылып, оған 700-ден астам спортшы қатысты. Балуандар үш салмақ дәрежесінде – 55 келіге дейін, 90 келіге дейін және ауыр салмақта күш сынасты. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?