6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада балықшылар суға құлаған 7 жастағы баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бойынша «102»жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген. Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен.
Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген адамдардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Астана Полиция департаменті ата-аналарға балаларымен мұзға шығудың қауіптілігі туралы ұдайы айтып отыруды ескертеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі