23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада 40 тонналық контейнерді ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз адам темір контейнерді ұрлап әкеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 50 жастағы тұрғынын анықтады. Ол 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлап әкеткен. Ер адам бұрын аталған компанияда құрылыс нысанының прорабы болып жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білгені анықталды. Ол өз кінәсін мойындаған.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қоданылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік