Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанада тағы 6 студенттік жатақхана салынып жатыр. Олар 4,5 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, М.Жұмабаев, 10а мекенжайы бойынша жаңа жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға есептелген.
Айта кетейік, Астанаға оқуға келетін студенттер саны жыл сайын артып барады. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының балансында 16 мың орынға арналған 40-тан астам студенттік жатақхана бар. Ал жалпы қажеттілік – 6 мың 400 төсек-орын. Биыл 4,5 мың орынға арналған 6 жатақхана салынса, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр, - делінген мәліметте.
Ал былтыр 1800-ден астам төсек-орын ашылды. Әкімдік тарапынан жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдері бөлінді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды