Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордадағы MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше арт-инсталляция ұсынылды. Шығармашылық жоба аясында ақынның бейнесі 3000 рубик текшесімен құрастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты. Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, Рубик текшесі логика мен шығармашылықты біріктіретін өнер туындысына айналды.
Осы арқылы ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізуді мақсат еттік, – деді ол.
«Абай әлемі» атты мәдени бағдарлама екі күн бойы көрерменді поэзиялық кештермен, шығармашылық қойылымдармен қуантты. Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрметті айқын сезінді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытуға арналған тың қадам. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді