12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлордада 300-ден астам үлескер отбасы баспаналарының кілтін алды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өздеріңіз білетіндей, алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды. Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында мегаполис басшысы Жеңіс Қасымбек.
Белгілі болғандай, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуын Мемлекет басшысы өз бақылауына алған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер