23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада «АМАNАТ» партиясының «Әйелдер қанатының» Астана қалалық филиалының ықпалымен елордалық колледждер мен ірі кәсіпорындар келісімге келіп, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қаладағы «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Технологиялық колледжі», «Техникалық колледжі», «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі», «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», «Құрылыс-техникалық колледжі» мен «ЛС Групп», «Paving Stone Company», «Digital System Service», «Бірыңғай Шоғырландыру Орталығы», «DAT KZ», «Мастер кофе» COMMUNITY, «Ақмол холдинг» ЖШС биыл бірге жұмыс істеуді көздеп отыр.
Қос тарап студенттерге екі жақты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Жұмысшы мамандықтар» жылында «AMANAT» партиясының ықпалымен атқарылып отырған бұл – алғашқы ірі қадамдардың бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керісінше, жастарға қолдау білдіру мақсатында әртүрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз, - дейді партияның хатшысы Шолпан Каринова.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады