Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күніне орай ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, 2024-2025 оқу жылында қааладағы білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993-і жайлы мектептерге жұмысқа тұрған.
Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға тұрақты барады. Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша "Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз" тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай 3500 педагог наградалармен марапатталды. Оларға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілері, "Астана қаласының құрметті педагогі" төсбелгілері, алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?