2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана қаласы аумағында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының рейдтік іс-шаралары барысында тағы 5 тонна насыбай тәркіленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл өнімнің жалпы құны 25 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды.
Насыбайды жою акциясы «Заң және тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында өткізілді.
Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Полиция департаменті «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және жеке әріптес – «Kazecotech» ҒТК ЖШС және Еуропа-Азия «Жасыл экономика» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Насыбайды жою акциясы өндірістік база аумағында өтті. Ол медициналық қалдықтарды утилизациялауға арналған арнайы қондырғыда жойылды. Бұл – Қазақстанда «жасыл» технологиялар мен жабдықтар тізіліміне енгізілген жалғыз қондырғы. Ол «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ тізілімінде бар. Осыған орай, насыбай секілді шегілмейтін қоспаларды термиялық жолмен жою қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Процесті арнайы комиссия бақылады, - делінген мәліметте.
Рейдтік іс-шаралар барысында елорданың алты ауданындағы 500-ден астам сауда орны тексерілді. Полиция департаменті мен аудандық әкімдіктердің қызметкерлері шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 100-ден астам дерегін анықтады. Барлық өнім тәркіленіп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтердің нәтижесінде құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Барлық өнім оқиға орнында тәркіленеді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова