22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлордада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Қыс мезгілі басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген ауысымдық кестеге көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурыздың 12-сі күні таңертеңнен бері елордада қар күреу жұмысына 2400-ге жуық жол қызметкері мен 1833 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Наурыздың 12-ісіне қараған түні коммуналдық қызмет 4286 ауыр жүк көлігімен қаладан 60 776 текше метр қар шығарды. Қыс мезгілінің басынан бері 588 464 ауыр жүк көлігімен қаладан арнайы полигондарға 7,4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев