13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстанада 24-25 мамыр күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен басқа да көптеген өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 24 және 25 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кету керек, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық.
Жұрттың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңында №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары жүреді, бұл іс-шара өтетін орынға тез жету үшін ұйымдастырылды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды