Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүнде коммуналдық қызмет мамандары елордадан сегіз мың текше метрден астам қар шығарды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елорданың коммуналдық қызметі ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.
17 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
16 ақпаннан 17 ақпанға қараған түнде қаладан сегіз мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 600-ден астам рейс жасалды.
Қыс басынан бері елордадан 344,5 мың рейс 4,7 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді