28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы тоқтаусыз режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын қар тазалау жұмысына мыңдаған адам мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника шықты. 16 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 871 рейспен 25 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 255 673 ауыр жүк рейсімен 3,2 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады.
Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?