Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАстанада 19 жасар жігіт бір үйді бірге жалға алып тұратын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Күдікті оңай олжасын ломбардқа өткізіп үлгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жәбірленуші келіншек арызданған. Айтуынша, күйеуімен бірге төрт бөлмелі пәтердің бір бөлмесінде, қалған бөлмелерде өзге жалға алушылар тұрған. Кешке жұмыстан келген уақытта ерлі-зайыптылар құнды алтын бұйымдарының жоғалғанын байқаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Алматы» ауданы ПБ полицейлері ұрлықты аталған пәтерде тұратын көршілердің бірі жасағанын анықтады. 19 жастағы азамат күндізгі уақытта ерлі-зайыптылардың жұмыста болғанын пайдаланып, бөлмеден алтын білезік пен алқаны ұрлағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды,-делінген Астана қалалық ПД мәліметінде.
Ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?